TV
Телеарналар қосу үшін теледидарды интернетке қосыңыз, қолданба орнататын қосымша (play market, google play, appstore, samsung apps, lg apps - әр теледидарда әрқалай) арқылы TTC TV деген қолданбаны іздеп, тауып, орнатыңыз. Орнатқан соң бізге +77766856535 WhatsApp нөміріне "TTC TV орнаттым" деп және дербес шот (шарт нөмірін) жазыңыз. Біз сізге логин мен құпиясөз береміз, абонтөлемін төлеп телеарналарды көре бересіз. Егер теледидар интернетке қосылмайтын немесе TTC TV қолданбасы орнатылмайтын болса, онда бізден TV BOX қабылдағыш алсаңыз болады, құны 18000 тг тұрады Немесе өзіңізде сондай андроид қабылдағыш болса, соны қоссаңыз болады. 190 нан астам арна- 2700 теңге айына. Үш құрылғыға дейін қосуға болады осы бағаға. Интернетке төлеммен бірге төленеді.