Біз жайлы

Бүгінгі ғылым мен технология сәт сайын жаңарып келе жатқан ағымы қатты заманда интернеттің жылдамдығы жүйрік және сапалы болғаны да маңызды орынға шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев интернетке қараша халықтың барлығының қолы жетіп, ол өмір сүру жағдайының өзгеруіне ықпал етсе деген тапсырма беріп келеді.

Қазіргі уақытта «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы қабылданып, халық игілігін көру үшін іс-шаралар қолға алынып жатыр. «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында ел тұрғындары үшін 100 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болуы тиіс. Яғни Қазақстанда сандық дамыту жобасы негізінде барлық аймақтарда интернеттің жылдам болуына, әрі сапалы қызмет көрсетуіне жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар ауқымды түрде жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оптикалық-талшықты кәбіл тарту арқылы интернет жүйесін құру интернетке сапалы әрі жылдам қол жеткізетін технологиялардың бірі болып табылады.

Ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосу – ерекше маңызы бар тапсырма. Сондықтан да ауылды жерде кез-келген жағдайда интернетке қосуды сапалы жүргізетін сенімді интернет провайдерін табу өте маңызды. 

SatCom-Service компаниясы 7 жылдан астам уақыт бойы тек қана интернет жүйесіне қосылу қызметтерін ұсынумен шектелмей жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алмай отырған ауылдарда оптикалық-талшықты интернет желісін құру («соңғы миль») жұмыстарын жүргізіп жатыр.

SatCom-Service компаниясы өз қаражатынан инвестиция құйып Талғар ауданының Қызылқайрат, Амангелді, Байбұлақ, Алмалық, Шымбұлақ елді мекендеріне оптикалық-талшықты интернет желісін құрып ауыл тұрғындарын интернет жүйесіне сапалы қосуда. Алдағы уақытта Ақдала, Төңкеріс, Тереңқара, Жалқамыс ауылдарында оптикалық-талшықты интернет жүйесін құруды жоспарлауда, оған кем дегенде 70 миллион теңгедей  инвестиция құймақшы.

Қосылу құны мен тарифтер