Интернетке қосылу

Интернет желісіне қосылу оптикалық талшықты байланыс арқылы жүргізіледі – жоғары жылдамдықта қосылудың сапалы әрі сенімді жолы, қосылу құрылған не жаңа талшықты-оптикалық жүйенің бос ресурстарына қосылу арқылы ұйымдастырылады.

Қосылу құны тиісті тарифтерде көрсетілген.

Қосылу құнына:

- роутерді (модемді) орнататын жерге дейін кәбіл тарту жұмысының;

- құрал-жабдықты орнату мен икемдеудің (IPTVге арналған құралды қоспағанда);

- кәбілдер мен қажетті материалдардың;

- техниктердің баруы мен жұмысының

құны кіреді.

Модемнің құны қосылу құнына кірмейді және бөлек бізден сатып алынады. Интернет тек қана біздің модем арқылы жұмыс істейді, өйткені олар біздің провайдермен жұмыс істеуге икемделген. Егер сізде өзіңіздің модеміңіз болса, оны қосымша күшейткіш ретінде пайдалануға болады.

Модемнің құны мен қосылу құны интернетті орнатып толық қосқаннан кейін төленеді.

Телеарналар қостырған кезде, егер теледидарда тиісті қосымшаны орнату мүмкіндігі болмаса, IPTVге арналған құралды абонент жеке сатып алады. SatCom-Сервис тиісті қосымша арқылы IPTV көруге логин мен құпиясөзді береді және абонент IPTVді өзі икемдейді. Техник қосымша ақыға IPTVді икемдеп бере алады.

Қосылуға өтінім қалдырыңыз